Түлкібаста «Дәрігерлер аллеясы» ашылды

10 (2).jpg

Қолы алтын, жүрегі мейірімге толы медицина саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданында «Дәрігерлер аллеясы» ашылды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дүние жүзін жайлаған қауіпті індетпен күресте ең алдымен, ақ халатты абзал жандарға күш түсіп отырғаны белгілі. Мылтықсыз майданның алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылған шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысып, жаңа нысанның ашылуына куә болды. 

Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен бой көтерген нысанда аудан тұрғындарының демалып, бой сергітуі үшін 500 шаршы метр аумаққа 8 дана ыңғайлы орындықтар, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылған. 69 дана арша, аққайын көшеттері отырғызылып, газон егілген. Аллея ортасынан дәрігер мен медбике ескерткіші бой көтеріп, «Дәрігерлерге мың алғыс!» тақтайшасы орнатылған.

Игі шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы 113 мың аудан тұрғындарының және аудан әкімдігінің атынан адам өмірінің арашасы болып жүрген, алтын қолды жандарға алғысын білдіріп, төл мерекелерімен құттықтады. 

Сондай-ақ, шараға арнайы шақыртылған медицина саласының ардагерлері осынау құрмет көрсетіп, игі шараға мұрындық болған аудан әкімі мен әкімдік мамандарына алғысын білдірді. 

Шара аудандық мәдениет үйінде концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер