Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ауданның құрметті азаматы, аудандық маслихаттың депутаты Қайшыбеков Сапарғали және Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Түлкібас аудандық филиалының директоры, «Ауыл» партиясынан сайланған маслихат депутаты Байғарашев Марат «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түлкібас ауданы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа арнаған Жолдауында:
-Заң үстемдігі орнықпаса және аза¬мат¬тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мем¬лекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұр¬ғыда құқық қорғау және сот жүйеле¬ріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға ре¬форма аса қажет.
Жағдай жедел өзгеруде. Күштік құ¬ры¬лымдар жұмыстың озық әдістеріне кө¬бірек ден қойған сайын олардың ха¬лық¬¬аралық тәжірибелерге бейімделу мүм¬кін¬дігі арта түседі,-деп атап өткен болатын.