Сауатты жарнама –тіл тазалығының айнасы

8.jpg

Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара мақсаты Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының орындалуы бойынша көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілуі деңгейін көтеру және грамматикалық сауаттылығын арттыру. 

Дөңгелек үстелге аудандық кәсіпкерлік бөлімі, ішкі саясат бөлімі мамандары, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ауылдық округ, кент әкімдіктерінің мамандары, тіл жанашыры Тоғысбаев Сапарбек ағамыз қатысты.

Іс-шара барысында жекеменшік ғимараттарда, олардың маңдайшаларында шетелше немесе көмескі жазылған мүлдем түсініксіз атаулардың болуына жол бермеу және жаңа ғимараттарды атау мәселесі, жарнаманы орналастырудағы тіл нормаларының сақталуы туралы айтылды.

Сондай-ақ жарнаманы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңына сәйкес дұрыс рәсімдеуді қамтамасыз ету, аударма мәселелері айтылды. 

Дөңгелек үстелде сөз алған Сапарбек ағамыз өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, әр округте, елді мекенде тілге жанашырлық танытып, заң талаптарын сақталуына белсенділік танытуға шақырды. 

Көрнекі ақпарат, жарнама жазулар жаңалықтың негізгі жаршысы болуымен қатар насихат пен тәрбие құралы, сондықтан жарнама тілін реттеуді қоғам болып қолға алумыз қажет. Көрнекі ақпарат, жарнама – тілді қалыптастырушы негізгі құрал және жаһандағы жағымды жаңалықтың жаршысы. Ендеше, жалт еткен жарнамаға жайбарақаттықпен қарамайық, оның тілінің талапқа сай болуына мүдделілік танытайық. Сонда ғана жанға жайлы, жарасымды жарнама тілін қалыптастыра аламыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер