Журналистер мен әлеуметтік желі белсенділерін құттықтады

12.jpg

28 маусым - бұқаралық ақпарат құралдары қызмектерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Түлкібас аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбав және аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев аудан тынысының айнасы «Шамшырақ» қоғамдық саяси газетінің ұжымы мен әлеуметтік желі белсенділерін арнайы қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шара барысында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Ашық әкімдік» принципін іске асыру мақсатында әлеуметтік желіде белсенділік танытып, қоғамның мұң-мұқтажын арқалап жүрген жандармен дөңгел үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында тұрғындар көтеріп жүрген әр-бір мәселе талқыланып, шешу жолдары нақтыланды. 

Жалпы, Қазақстанда сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Елімізде ақпарат құралдарының маңызы жыл санап артып  келеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер