Түлкібастан құнды тарихи ескерткіш табылды

d0b6bcdecf913d8490dd09578e963cfc.jpeg

Түлкібас ауданы, Абай ауылындағы жекеменшік тұрғын үй ауласынан ортағасырлық құлпытас пен әулиелерге тән ескерткіш орны анықталды. Өзіндік тарихын ішіне бүгіп, белгілі бір тұлғаның өмірінен хабар беретін құлпытас сан ғасырлар бойы жер астында сақталып келген. Бұл туралы Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған орай, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Ясауи ізімен ғылыми-танымдық экспедициясы аясында Абай ауылына барып, тарихи орынмен танысты.

Сыры мен жұмбағы мол құлпытас 2018 жылы Абай ауылының тұрғыны Досжан Қыдырәлиевтің ауласынан табылған. Аталған жайттан үй иелері хабардар болған соң бірден көне жазуларды оқитын арнайы мамандарға хабар береді. 

Осыған байланысты араб, парсы, көне түркі тілдерінің маманы, белгілі ғалым Зәріпбай Оразбайұлы бастаған ғалымдар құлпытас бетіндегі мәтінге тілдік зерттеу жүргізіп, араб әріптерімен куфи үлгісінде: «Бұл қабір Мұхаммед Нұран Баб деген жазу барын анықтады.

Құлпытастар әдетте зират басына қойылатыны белгілі. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының археолог ғалымдары Нәпіл Базылхан және Нұрболат Бөгенбаевтың жетекшілігімен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Ғалымдар ескерткішті осы аймақтың байырғы атауына байланысты «Әлдибастау әулиесі» деп атаған.

Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде осы жерден ұзындығы – 4 м, ені – 1,65 м, қабырғасының биіктігі – шамамен 2 метрге жуық құрылыс болғаны белгілі болады. Ескерткіштің қабырғаларын жақын маңдағы Көкбұлақ өзенінің жұмыр тастарымен қиюын келістіріп, арасын саз балшықпен бекітіп қалаған. 

Қазба жұмыстары барысында металдан, сүйектен, қыштан, шыныдан жасалған бірқатар археологиялық артефактілер табылды. «Табылған заттай айғақтарға ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде бұл ескерткіш шамамен X-XI ғасырларда қазақ даласында өмір сүрген өзі ұста, әрі діни-ағартушылық қызмет атқарған «Мұхаммед Нұран Баб» атты әулиеге арналған ескерткіш деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді», – дейді ғалымдар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер