Өткен сенбі-жексенбі күндері Түлкібас ауданында облысымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына енгізілген өзгерістерді бұқара халық пен кәсіпкерлерге түсіндіру мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобилді топ мүшелері аудан аумағын үш негізгі бағытта аралады. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шара барысында:
кафе, мейрамханалар мен асханаларға;
азық-түлік дүкендеріне;
демалыс орындары мен сауда нүктелеріне(базар, супермаркет) рейдтік шара жүргізіп, тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды. Сонымен бірге індеттен сақтанудың ең тиімді жолы екпе салдыру.
Қазіргі уақытта республиканың көптеген өңірлері «қызыл аймаққа» енді. Түркістан облысы ковид ауруының көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа көшті. Егу науқаны басталғаннан бері 505 675 адамға вакцинаның бірінші компоненті салынған. Екінші компонентті - 315 226 адам қабылдаған. Бүгінгі күні облыс бойынша 128 егу пункті жұмыс істейді. Сондай-ақ, өңірде 14 ПТР-зертхана, оның ішінде 10 мемлекеттік ПТР зертхана жұмыс істейді. Облыс бойынша 2020 инфекциялық, 300 карантиндік және 315 реанимациялық төсек - орын бар.
Індеттен сақтануға, карантин талаптарын ұстануға шақыру, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу шаралары жалғасуда.