Ордабасы ауданында 100 мал бордақылау алаңы ашылады

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жыл басынан бері ауылшаруашылық саласында 17 млрд. 700 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрады. Нәтижесінде, Ордабасы ауданы облыс көлемінде аудан, қалалар арасында бірінші орында. Аграрлы сала бойынша ауданның облыстағы үлесі – 8,3 пайыз.

image.png

Атап айтар болсақ, осы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 145%, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 76 пайыз, «Құлан» бағдарламасы 64 пайызға орындалған.

Сонымен қатар, ауданда 2021 жылға 100 бірлік мал бордақылау алаңдарын ашу жопарланса, бүгінгі таңда 78 пайызы орындалды. Ал, ауылшаруашылық саласындағы жаңа технология – тамшылатып суару әдісін енгізу көрсеткіші 87 пайыз.

Биылғы көктемгі дала жұмыстары бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан үш жақты меморандумға сәйкес, 65 780 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру тапсырмасы жоспардағы көрсеткіштен артығымен (65 904 гектар немесе 100,2 пайыз) орындалған.

Өндіріске қажетті техника жаңарту көрсеткіші 74 пайызды құрап отыр.

Ал, Темірлан елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Айнұр Балқыбаева үй шаруашылығында отырып, 200 бас үй тауығын асырап, тәулігіне 180-200 дана жұмыртқа алуда. Қазіргі таңда Темірлан ауылының тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар сауда дүкендерін үй тауығының жұмыртқасымен қамтып отыр. Өз қаржатымен кәсібін бастаған кәсіпкердің алдағы жоспары тауық санын 2000 басқа ұлғайтып, кәсібін жандандыру.

Сондай-ақ, Көктөбе елді мекенінде өз қаражаты есебінен кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер Досхан Жолдыбаев өз қаражатының есебінен 3 гектар жер телімінен қызанақ пен қияр өнімін егіп, үй шаруашылығында 5000 дана шын ыдыс (банкіге) 6 өнімнің түрін (бүтін қызанақ, бүтін қияр, салаттың 4 түрін) жабуды көздеуде.

Жобаларға ниет білдірушілерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жоба иесіменен мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер