Мақтаарал ауданының орталығында құрылыс жұмыстары қарқынды

Мақталы өңір мақтаарал ауданында атқарылып жатқан жұмыс көп. Құрылысы қарқын алған өңірде ауыл шаруашылығы да қатар дамып келеді.

image.png

Түркістан облысының БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына жасаған пресс-туры барысында аудан орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан салынған нысандармен танысты. Онда тілшілер жуырда ғана пайдалануға берілген «Даңқ» аллеясына аялдады. Негізінен аудан орталығы статусын алғанына 3 жыл толған Мырзакент кентінде абаттандыру мен көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстар жетерлік.

- «Ауданда ескірген нысандардың барлығы да қайта жаңарып, үлкен құрылыс нысандары бой көтерді. Атап айтқанда, аудан әкімі аппаратының ғимараты, жастар гүлзары, Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, орталық кітапхана, Мырзакент емханасы ел игілігіне берілді. Бүгінде 1 200 орындық мектеп және 280 орындық балабақшаның құрылысы жүруде және дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимараты, спорт сарайы, орталық саябақ нысандарының құрылысы жоспарлануда», - деді аудан әкім Бақыт Насырханұлы.

Сонымен қатар, өткен жылғы төтенше жағдай салдарынан Мырзакентте жаңа мөлтек аудан бой көтеріп, жаңа саябақ пен аллеялар пайдалануға берілген. Көптеген кәсіпкерлік нысандар тұрғызылып, халыққа қызмет көрсету сапасы күн сайын артуда. Кент көшелерінің барлығы дерлік күрделі жөндеуден өткен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер