Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдаған Жолдауында әлеуметтік салаға басымдық беру керектігін атап айтқан болатын. Оның ішінде білім мен денсаулық сақтау саласын жетілдіру, жаңадан мектеп пен емханалар салу жайында тиісті сала басшыларына тапсырған еді. Бүгінде шалғайдағы елді мекендерді жолдау жүктеген міндеттер жоспарлы түрді іске асып жатыр.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл аудан тарихындағы құрылыс саласында рекордтық көрсеткіш. Тіпті, іріленген Мақтаарал ауданы кезінде де бір уақытта мұншалықты көп мектептің құрылысы жүргізілмеген. Cалынып жатқан мектептердің барлығы пайдалануға берілсе, аудандағы ыңғайластырылған мектептердің мәселесі толығымен шешілмек.
- «Ауданда 1200 орындық 1 мектеп, 300 орындық 2 мектеп, 200 орындық 8 мектептің және 100 орындық 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы 13 білім беру нысанының 8-і биыл пайдалануға берілетін болады. Қалған 5-нің құрылысы 2022 жылы аяқталады деп күтілуде. Ол үшін облыстық бюджеттен 9,9 млрд. теңге қаржы бөлінген», – дейді аудан басшысы.
Айта кетерлігі, аудандамектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 24 білім ошағына модульді әжетхана орнатылған. Сондай-ақ, аймақтағы мектептерді қажетті бейнебақылау камераларымен, дабыл түймелерімен, спорттық жабдықтармен қамту жұмыстары күшеймек.