Мақтааралда 77 көшеге асфальт төселді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыстың оңтүстік аудандарын дамыту мақсатында қолға алынған оң жобаларының нәтижесінде Мақтаарал ауданында жол жөндеу жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілуде. Жалпы Мақтаарал ауданында 86,5 шақырымды құрайтын республикалық, 200 шақырымнан асатын облыстық, 44 шақырымнан аса аудандық маңызы бар жолдар бар. Елді мекендердің ішкі көшелері 570 шақырымға жетеді.

image.png

Өткен жылы ауданда 3,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 3 автокөлік жолына 161,3 миллион теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Сонымен қатар өткен жылы аудандық бюджеттен 381 миллион теңге қаржы қаралып, 51 шақырымнан аса 94 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілген.

Ауданда 1,5 миллиард теңгеге 64,8 шақырымды құрайтын 77 ішкі көшелерге асфальт төселді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 41 көше, жергілікті бюджет есебінен 7 көше, су тасқыны салдарынан қалпына келтірілген 29 көше бар.

Айта кетейік, былтыр А-15 республикалық автомобиль жолының Кіреберіс-Гүлістан тармағы және облыстық маңызы бар КХ-77, КХ-78, КХ-80, КХ-164 автомобиль жолдары орта жөндеуден өтсе, КХ-77, КХ-100 автомобиль жолдары ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай-ақ ұзындығы 35,3 шақырымды құрайтын 24 көшеге мыңнан астам жарық шамдары орнатылып, 3,4 шақырымды құрайтын 2 көшеге аяқжол салынды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер