Тарихи Отырар қалашығы жолы жөндеуден өтуде

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «АҚ-ЖОЛ» ЖШС мердігер мекемесі облыстық маңызы бар КХ-105 «P-31-Кентау-Түркістан-Арыстанбаб-Шәуілдір-Төрткүл-Талапты» автомобиль жолының 16,9 шақырымы орташа жөндеуден өтеді. Жол жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі.

image.png

Бекітілген сметалық кұжаттамаға сәйкес, жол бойындағы ескі су өткізгіш құбырлар ауыстырылады. 12 шақырым жолдың ескі асфальт жабыны бұзылып, екі қабат асфальт салынатын болады. Сондай-ақ, қалған 4,9 шақырым жолдың үстіне тегістеуші қабат (выравнивающий слой) пен майда түйіршікті асфальтобетон жабынын төсеу қарастырылған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынған.

Сондай-ақ, Түркістан облысындағы Кентау-Ащысай бағытындағы облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының 48,1 шақырымына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысан «Жамбыл облысы шекарасы – Құмкент – Шолаққорған – Ащысай-Р-31» елді мекендерін жалғайды. Күрделі жөндеу жұмыстарын «КазГерСтрой Біріккен кәсіпорыны» ЖШС мердігер мекемесі жүргізеді.

Жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша келесі жылы аяқталады. Биыл 10 шақырым асфальт жабындысына, жол негізіне құмды шағал-тас қоспасы төсеуге қаржы қаралған. Жөндеу жұмыстары жұмыстары Ойық елді мекенінен бастап жүргізілуде. Мамандар жолдың осы аралығында қанағатсыз жағдайда тұрған көпірлер мен су өткізгіш құбырлар да жөндеуден өткізілетінін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер