Білім күні Түркістан облысында 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыс аумағында жаңадан салынған тағы 29 білім ұясы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Түркістан облысы бойынша жалпы 78 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Олардың дені бала саны көп, тұрғындары тығыз орналасқан ауылдарда бой көтерді. Жаңа мектептер заманауи роботехника, ІТ-технологиялар кабинеттерімен жабдықталған.

image.png

Жаңадан ашылған білім ұялары Сауран, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Бәйдібек, Түлкібас аудандары мен Кентау және Түркістан қаласының әкімшілік – іскерлік орталығында орналасқан. Жаңа оқу жылында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде №58 Ә.Марғұлан атындағы орта мектепке қосымша 300 орындық білім ошағы жаңадан пайдалануға берілді. 2 гектар аумақта орналасқан жаңа ғимаратта оқу орнымен қатар спортзал, асхана және шеберханалар орналасқан.

Жаңа оқу жылында өңірде 50 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табылдырығын аттады. Бір ғана Сарыағаш ауданында бүгін 3 мың бала алғаш рет мектепке барды. Ауданда 60 мыңдай оқушы білім алады.

Ал, Арыс қаласының іргесіндегі Онтам елді мекеніне жеке кәсіпкер 150 орындық мектеп салып беретін болды. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер