Түркістанда 5 мыңнан астам баспана беріледі

Түркістан қаласында жыл соңына дейін 5 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайды. Әкімшілік-іскерлік орталықта 7, 9 және 12 қабатты жалпы ауданы 350 мың ш.м. болатын 82 тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. 800-ге жуық пәтер ипотека арқылы және кезекте тұрған отбасыларға үйлестіріліп жатыр. 12 қабатты 10 тұрғын үй алдағы қыркүйек, қазан айларында пайдалануға беріледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында аймақ басшысына тұрғын үй туралы соңғы мәліметтер баяндалды.

image.png

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайы мен құрылыс жұмыстарының барысы туралы айтты. Облыс орталығындағы 2 мыңнан астам пәтерлі 12 қабатты 29 тұрғын үй қыркүйек-қараша айларында қабылдаудан өтетін болады. Құрылыс басында мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде. Шаһарда жалпы саны 48 тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен бой көтерді. 12 қабатты 6 тұрғын үй жыл соңына дейін ел игіліне берілмек. Жеті қабатты 15 үйдің құрылысы да қарқынды. Сонымен қатар, 9 қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы келер жылдың басында толық аяқталмақ.

Жиналыста Түркістан қаласында салынып жатқан нысандар мен инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің жағдайы туралы баяндалды. Облыс әкімі 20-дан астам жаңа нысандардың құрылыс барысы туралы соңғы мәліметтермен танысты. Жауапты басшыларға құрылысты белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер