Түркістанның халқы 500 мыңға жетеді

1529546727_article_b.jpeg

Түркістан қаласында жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын «Тұңғыш Президент саябағында» сыйымдылығы 100 текше метр болатын жасанды арал пайда болды. Ол үшін су ұңғымасы мен резервуар салынған. 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып, жолдар төселді. Саттарханов көшесінің бойындағы «Желілік саябақтың» да жер көлемі 20 гектардан асады. Саябақта 5 мыңға жуық ағаш, 25 мыңға жуық жасыл бұта егіліп, жасанды тоған орнатылған.

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инфрақұрылым қалыптастыру облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының жіті бақылауында. Түркістан қаласының аумағы 19 627 гектардан 22 370 гектарға ұлғайтылды. Бас жоспар бойынша қаланың даму сатылары белгіленген. Алғашқысы 2020 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған. Екінші кезеңі – 2035 жылы, үшінші кезеңі - 2050 жылы аяқталады. 2025 жылға дейін қала тұрғындарының санын 250 мыңға дейін, 2035 жылға қарай - 350 мың адамға дейін жетеді. 2050 жылы - 500 мың болады.

200 мыңға жуық тұрғыны бар Түркістанның даму мүмкіндіктері ауқымды. Қала аумағында өндірістік, коммуналдық және инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ететін нысандарды орналастыратын аймақтар белгіленіп, бекітілген. Бұл өз кезегінде Түркістанның инвесторлар үшін тартымдылығын арттыра түседі. Туризм және өнеркәсіп – Түркістан дамуының негізгі екі бағыты. Қаланың бір жылда миллионнан астам туристті қабылдауға мүмкіндігі бар. Келешекте бұл көрсеткішті 5 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қалада 11 киелі нысан мен мұражай, 6 рухани-мәдени нысан, 4 туроператор келушілерге өз қызметін ұсынуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер