Ақсукент-Қарамұрт жолы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, кәсіпкерлікті дамытуға және елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Түркістан облысында орташа жөндеуден өткен «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Ақсукент-Қарамұрт» бағытындағы жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдың жалпы ұзындығы 22,5 шақырым. Өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары барысында 14,8 шақырым жолдың жарамсыз бөлігі бұзылып қайта реттелсе, 7,7 шақырым жолға асфальтобетон жамылғысы төселген. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елді мекендердің ішіне жалпы 10 шақырым аяқ жол салынды. Сондай-ақ, автокөліктердің жол жиегіне тоқтауына ыңғайлы жағдай жасау және жол жиегінің бүлінуін болдырмау мақсатында құмды шағал-тас қоспасы төселген. Одан бөлек, Ақсукент, Қарамұрт елді мекендерінде көліктерге арналған автотұрақ салынған.

Айта кетейік, нысанның жөндеу жұмыстарына Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс берген, ал «Корпорация «Сити-Строй» ЖШС-і мердігер ретінде қатысқан. Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші мекемесі, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» тұрақты қадағалауында болған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер