Қазығұрт ауданы 73,4 пайыз газбен қамтылған

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, кәсіпкерлікті дамытуға және елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы 73,4 пайыз газбен қамтылған. Мәселен, ауданға қарасты Тұрбат ауыл округіндегі 4 елді мекенде газ жүйесі 90 пайыз тартылған.

Сондай-ақ, Тұрбат ауыл округіндегі 4 елді мекеннің барлығы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі болған Тұрбат, Еңбек, Өңдіріс елді мекенінде жер асты су қорын анықтау жұмыстарына 2021 жылы облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ал жол жөндеу жұмыстары бойынша Тұрбат ауыл округінде биыл М.Сабиров көшесінің 5 шақырымы орта жөндеуден өткізілуде. Бұл нысан 2022 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Бақыт көшесінің 600 метріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ауыл округі бойынша жақсы ішкі көшелердің үлесі 27,3 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар КХ-48 Қазығұрт-Тұрбат автомобиль жолының 21 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2022 жылға өтпелі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер