Түркістан облысында мемлекет қаржысына салынған спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Screenshot_1.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлеске отырысында Қазақстан халықына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» аттын Жолдауында «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс» деген еді.

Президент тапсырмасы бойынша Түркістан облысында жұрттың спортпен шұғылдануына қолжетімділігін арттыру мақсатында Мақтаарал ауданында тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Мырзатөбе ауылында ел игілігіне берілген спорт алаңшасының құрылысы төртінші деңгейлі бюджет есебінен қаржыландырылған.

Бүгін нысанның ресми ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова тұрғындарды қуанышымен құттықтап, нысанның ресми түрде лентасын қиды. Сонымен қатар, А.Күнтуқызы Мырзатөбе ауылының жастарын спортқа баулитын жаңа спорт нысаны тікелей аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен салынғанын атап өтті.

Спорт алаңшсына әлемдік стандартқа сай 40х20 метрге жасанды газон төселген. Түнгі уақытта да қызмет көрсету үшін жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Нысанның құрылысына ауылдық округтің бюджетінен 7,5 миллион теңге қаржы бөлініп, "АТО" жеке кәсіпкерлігі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Нысанның ресми ашылу салтанаты барысында ауыл балаларынан құралған командалар арасында өзара тартысты жарыс өтіп, жеңімпаздар арнайы кубоктармен, сый-сияпаттармен марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер