Түркістан облысының 19 азаматы Президенттік жастар кадр резервіне алынды

image.png

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңі басталады. Құжаттарды қабылдау арнайы әзірленген www.pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі. Бұл жөніндегі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов мәлімдеді.

Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отыр. Президенттік жастар кадр резервінің қатарына кіру үшін үміткерлер іріктеуден өтеді. Іріктеудің қорытындысымен резервке 50 азамат алынады.

– Белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды. Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады, – деді Айбек Ақбергенұлы.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиал директоры Айнұр Ыдырысованың айтуынша, 2019 жылы іріктеудің алғашқы кезеңінде Түркістан облысынан 19 азамат Президенттік жастар кадр резервіне алынған. Резервшілер тізіміне жеке сектордың 106 өкілі, квазимемлекеттік сектордың 98 қызметкері және 96 мемлекеттік қызметші кірген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер