Түркістан облысында 3,5 млн. тонна күзгі өнім жиналады

Түркістан облысында күзгі жиын-терім науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін диқан шаруалар үш млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинады. Есепті болжам бойынша жыл соңына дейін күзгі өнімнің жалпы көлемі 3,5 млн. тоннаға жеткізіледі деп күтілуде.

image.png

Қазіргі таңда 1,1 млн. тонна көкөніс, 1,7 млн. тонна бақша, 290 мың тонна картоп және 61 мың тонна жеміс-жидек жиналды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектарға егілді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал және Жетісай аудандарына жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы саласында қолға алынған тың жобалармен танысты. Мақтаралдық, жетісайлық диқан шаруалармен кездесіп, ұсыныс тілектерін тыңдады.

Бүгінде Түркістан өңірінде алқаптарды әртараптандыру нәтижесінде мал азықтық дақылдардың көлемі 2,6 мың гектарға артып 215,4 мың гектарға, бақша дақылдары 8,9 мың гектарға артып 70,6 мың гектарға орналастырылды.

Сәйкесінше, биыл мақтаның егіс көлемі 16,2 мың гектарға кеміп 109,7 мың гектарға егілді. (Мақтаралда – 35,6 мың га, Жетісай– 44 мың га.) Сондай-ақ дәнді дақылдар 300 мың гектар, майлы дақылдар 85 мың гектар, көкөніс 43 мың гектар, картоп 15 мың гектар, яғни, өткен жылдың көлемінде егілді. Облыстағы 238 мың га егілген астықтан гектар түсімділігі 10 центнерден 238,3 мың тонна дән қамбаға құйылды. 46,1 мың га егілген дәндік жүгерінің гектар түсімділігі 57 центнерді құрап 118 мың тонна өнім жиналды. 83,5 мың га егілген мақсары дақылынан 5,3 центнерден 36,4 мың тонна өнім жиналды. Жинау жұмыстары жалғасуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер