Түркістан облысында соңғы жылдары еңбек өнімділігі мен табыс көлемін еселеп арттыру бағытында шаруалар өңірдің климаттық ерекшелігін пайдалана отырып, «Бір алқаптан жылына екі-үш өнім алу» жобасының жемісін көріп жүр. , «Бір алқаптан жылына екі-үш өнім алу» Түркістан облысы әкімінің бастамасы болатын. Бұл осындай екі-үш өнім алу әдісімен тоғыз мыңға жуық гектарда екі мыңға жуық жоба жүзеге асырылуда.
Мақтарал және Жетісай аудандарында диқандар бірінші егілген өнімнен 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімін жинап алды. Ал, екінші егілімнен шаруалар 60 мың тоннадан астам өнім жинады. Бұған аталған аудандарға жасаған сапарында облыс басшысы да куә болып қайтты.
Биыл Мақтарал және Жетісай аудандарында жылыжайлар 90 гектардан астам алқапқа салынып, жалпы көлемі 1 мың 424,6 гектарды құрады. Бүгінгі күнге аталған жылыжайларда өсірілген қияр, қызанақ, бұрыш секілді өнім түрлерінен жалпы алғанда 145 мың тоннадан астам өнім жиыналды. Сонымен қатар, биыл егілген ақ алтын егісі көлемінен 25,2 центнерден 276,1 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда. Жалпы ақ алтынның 90 пайызы техниканың көмегімен жиналады. Бүгінгі күнге жоспарланған егіс көлемінің 590 гектары теріліп, 21 центнерден 1,3 мың тонна өнім жиналған.
Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Атакент кентіндегі №14 колледжінің жұмысымен танысып, өзекті мәселелерді талқылады. Білім ордасында көпшілік назарына студенттердің қолымен жасалған темір еңбек құралдары мен темірден соғылған жиһаздар, тұрмысқа қажетті бұйымдар ұсынылды.