Түркістан облысында көпқабатты үйлер жаңа жүйемен басқарылады

Түркістан облысында ағын суды арттыру мақсатында су арналарын механикалық тазалаудан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен және оның тікелей бақылауымен атқарылып жатқан жұмыстар өз кезегінде суармалы жерлердің ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсартып, суармалы алқаптарды арттырып, жер асты суын төмендетіп, егістіктің тұздануының алдын алып, мақта дақылының өнімділігін арттыруға көп көмектеседі.

Айта кетейік, биыл қуаңшылыққа қарамастан, Өзбекстан елімен екі жақты ынтымақтастық туралы келісімнің нәтижесінде егістік алқаптар трансшекаралық Достық каналынан келетін ағын сумен тиісті деңгейде қамтамасыз етілді. Шаруалар ағын судан тапшылық көре қойған жоқ.

Сонымен бірге, облыс басшысының төрағалығымен өткен отырыста облыстағы мүлік иелері бірлестігі бойынша соңғы мәліметтер баяндалды. Түркістан облысында 1482 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 1348 көпқабатты тұрғын үй басқару органдарын құруды қажет етеді. Қалған 127 көп пәтерлі тұрғын үй коммуналдық меншікке өткен.

Түркістан облысында республикалық деңгейде жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру үшін «Easy project» ақпараттық жүйесі құрылды. Аталған ақпараттық жүйе базасына көп пәтерлі тұрғын үйлер туралы барлық ақпарат жүктелуі тиіс. Өңірдегі барлық көп пәтерлі үйлер түгел осы жүйеге енгізіледі. Кондоминиум нысандарын басқарудың жаңа бағытына көшу жөніндегі жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау көзделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер