Түркістан облысында Қазығұрт ауданының 73,4 пайызы газ тұтынады

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында елді мекендердің 73,4 пайызы табиғи газ тұтынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылдық округіндегі төрт елді мекеніндегі тұрғын үйлердің 90 пайызы көмір жақпайды. Қақаған қыста көмір іздемейді, оған мұқтаж емес, қажеттілік жоқ. Күн суықта пеш тазалап, сыртқа күл шығарып төкпейді. Өйткен осы төрт ауылдың 90 пайызы тартылған газ құбырларымен сұйық көгілдір отын жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар, Тұрбат ауыл округіндегі осы төрт елді мекеннің барлығы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілген. Есігінің алдына дейін тартылған құбыр суын тұтынады. Сонымен бірге, өзекті мәселелердің бірі болған Тұрбат, Еңбек, Өңдіріс елді мекендерінде жер асты су қорын анықтау мақсатындағы жұмыстарға осы жылы облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ал жол жөндеу жұмыстары бойынша Тұрбат ауыл округінде биыл М.Сабиров көшесінің бес шақырымы орта жөндеуден өткізіліп жатыр. Бұл нысан келер жылға өтпелі. Сонымен қатар, Бақыт көшесінің алты жүз метріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Жалпы Тұрбат ауыл округі бойынша жақсы ішкі көшелердің үлесі 27,3 пайызды құрап отыр.

Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар КХ-48 Қазығұрт-Тұрбат автомобиль жолының 21 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жол құрылысы да келер жылға өтпелі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер