Түркістан облысында миллион 13 мыңнан астам адам сынама тапсырған

Түркістан облысында коронавирус індетіне қарсы екпе салдырғандар саны артып келеді. Бұл бағытта коронавирус инфекциясына қарсы егу көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші құрамын 851 мыңға жуық адам қабылдады. Ал вакцинаның ковид-19-ға қарсы екінші компоненін 654 мың адам салдырған.

Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.

Бүгінде Түркістан өңірі «жасыл аймақта» тұр. Өткен тәулікте 25 азамат қатерлі COVID-19 індетінің құрығына ілікті. Тәуліктік өсім 0,18 пайызды құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 1969 орын бар. Мұнда 500-ге жуық науқас ем қабылдап жатыр.

Жалпы пандемия белең алғалы Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 13 мың 883 адамға жетті. Оның ішінде 7 мың 234 науқаста ковид жұқпалы инфекциясының белгілері болмаған. Сонымен қатар, бүгінге дейін 1 млн. 13 мың 313 адамнан ПТР сынамасы алынған. Соңғы тәулікте зертханаларда 2 мың 312 адам тексерілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер