Түркістанда республикалық «Жанды сабақтар» жобасы жүзеге асуда

Түркістан облысында мектеп оқушыларының қатысуымен республикалық жаңа жоба бастау алды. Білім алушылар облыс орталығында «Жанды сабақтар» жобасы аясында тарихи орындарда болып, елге белгілі тұлғалардың, ғалымдардың, профессор оқытушылардың сабақтарын тыңдайды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Білім алушылардың бойына тарихи сананы, қазақстандық патриотизмді, өз елінің тарихына деген құрметті, ата-бабаларымыздың жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту мақсатында Түркістан қаласында қолға алынған жобаның алғашқы сабағы өтті.

Түркістан қаласындағы бүкіл тарихи деректерден сыр шертетін «Сапар» орталығында басталған сабаққа Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушылары қатысып, оларға «OSST-tur» туристік компаниясының директоры, гид-экскурсовод Төрәлі Сыздықов көне шаһар тарихы жайлы сыр шертті.

Сонымен қатар ерекше тағылымды танымдық дәріс «Әзірет Сұлтан» кесенесі аумағындағы тарихи әрі туристік орындарда жалғасын тапты. Экскурсия барысында оқушылар мол мағлұмат алып қана қоймай, құнды жәдігерлерді өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Оқушылар сабақтан зор әсер алғандықтарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектеп ашылады. Жалпы облыс бойынша бүгінде 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп салынып жатыр. Бұл туралы Түркістанда өткен өңірдің білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында өткен облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер