Түркістан облысында шаруларға қаржылық қолдау жан-жақты жүргізіледі

Түркістан облысының кәсіпкерлері егіншілікпен белсенді түрде айналысады және мемлекет тарапынан берілген барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын ғана емес, күзгі дала жұмыстарын да қаржыландыру қарастырылған. Биыл жалпы сомасы 318 млн. теңгеге 4 жоба қаржыландырылды.

image.png

Бәйдібек ауданындағы «Бердібай» шаруа қожалығы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығынан күзгі дала жұмыстарына, бидай өсіру үшін жеңілдетілген несие алды. Мұнда ауыл шаруашылығының тұтас кластері жүйеленген. Кәсіпкер асылтұқымды жылқы, ірі қара мен қой өсірумен де айналысады. Бүгінгі таңда шаруашылықта 378 бас түрлі асылтұқымды жылқы, 306 бас ақбас ірі қара және 4360 бас Гиссар қойы бар.

Ал егіншілікпен шаруашылық мал шаруашылығы кешенін азықпен қамтамасыз ету үшін айналысады. Жем-шөпті арзандату үшін «Бердібай» ШҚ 5 256,62 га жер учаскесінде арпа, мақсары және бидай өсіреді. «Бердібай» ШҚ құрылтайшысы Ғабиден Қапалбаевтың айтуынша, биылғы жылы құрғақшылықтың салдарынан бидай мен арпаның өнімділігі өте төмен болып шықты. Сондықтан барлық өнім өзінің мал шаруашылығы кешенін жем-шөппен қамтамасыз етуге бағытталған (10 мың дана пресс жоңышқа, 7 мың дана пресс түрлі шөптер, 20 мың дана пресс сабан, 1000 тонна бидай және 300 тонна пресс арпа).

Өткен жылы 400 тонна бидай, 390 тонна арпа, 500 тонна мақсары жиналған. Сондықтан, биыл шаруа қожалығының басшылығы өтініш білдіріп, қыркүйек айында бидай өсіру бойынша күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 150 млн. теңге көлемінде қаржылай қолдау алды. Қазіргі уақытта Түркістан облысының Бәйдібек ауданында орналасқан шаруашылықта 5 мыңнан астам гектарда күздік бидай егуге жер дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер