Түркістан облысының Түлкібас ауданында 34,6 шақырым жол жөнделеді

Түркістан облысының Түлкібас ауданында биыл 34,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыстар жыл соңында толық аяқталып пайдалануға беріледі Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Сонымен қатар, Түлкібас ауданының орталығы Тұрар Рысқұлов елді мекенінің жолдары жаңарып, ішкі көшелер ретке келтіріліп жатыр. Соның бірі, аудан орталығындағы 18,3 шақырым жолға жөндеу жұмыстары «Ауыл - Ел Бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда Т.Рысқұлов елді мекеніндегі 5 көше мен Көкжайлау және Жанкент мөлтек аудандарының көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындардың түнгі уақытта жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында көшелерді түнгі жарықтандыру шамдары орнатылу үстінде.

Жол жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын бақылау мақсатында Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт арнайы аралап көріп, тексеріп, жауапты мердігер мекемеге кем-кетігі болса ескерпелерін айтып, уақытылы түзеттіреді. Тіпті құрылыс мамандарын әңгімеге тартып, тыныс-тіршілігін көріп қана қоймай, жөндеу жұмыстарына қатысты маңызды мәселелер болса, сұрап тіліп, қолдан келетін іс болса көмектесуге дайын тұрады. Кей көшелерде атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмай төмен баға беріп, жауапты мердігер мекемені сынға да алды. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан барлық нысанның сапалы болуын әрі мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер