Түркістан облысында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастырумен бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының басппасөз қызметі хабарлады.
«Бірыңғай есеп беру күні» жиынына сонымен қатар аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, облыстық Прокуратура, Мемлекеттік істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен ұйымдардың территориялық департаменттері, мемлекеттік кірістер, білім саласындағы бақылау, төтенше жағдайлар, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық реттеу және метрология, әділет, экология, геология және табиғи ресурстар, полиция департаменттері, сонымен қатар бірқатар басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту, осы арқылы бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу болып табылады. Алқалы жиында бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» орайластырылған атқарылған жұмыстары бойынша баяндамалар жасалды. Сонымен бірге бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу барысындағы мәселелер талқыланды.
Жиын соңында, есеп беру қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау органдарының, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның, прокуратура органдары мен кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен келісілген хаттамалық шешім қабылданды.