Түркістан облысының әлеуетін Өзбекстан делегациясы жоғары бағалады

Түркістан облысына арнайы келген Өзбекстан республикасының төтенше жағдайлар министрі, Президент кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов пен Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев бастаған делегация ауыл шаруашылығы саласына серпіліс әкелген өзгерістерге куә болып, мақталы аудандардың шаруаларымен кездесті. Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге мақтааралдықтардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

image.png

Өзбекстаннан келген делегация Мырзакент жаңа мөлтекауданында салынған 1200 орындық мектеп құрылысымен танысты. Онда орнатылған заманауи қондырғылар мен мектепте ендірілген өңірде бұрын-соңды болмаған жаңа жобаның мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Жаңа мектепке жиналған мырзашөлдіктер Мақтааралдың жаңа кейіпке еніп, бұрыннан да ажарлана түскенін мақтанышпен жеткізді. Халықтың қиындық кезінде тыныш тұрмыс іздеп, басқа жаққа үдере көшпегенін қуана айтты.

– Қиындықтар ұмытылып, туған өлкеміз бұрынғыдан да гүлденіп келеді. Қаншама жаңа ғимараттар, емдеу мекемелері салынды. Айнала көкке оранып, ауданымыз ажарлана түсті. Өзбекстан халқымен ғасырлар бойы бірге өсіп келеміз. Ол жақта ағайын-туыс тұрады. Бір өзеннен су ішіп, бір ауамен тыныстанған туыс халықпыз. Қиындықта көмек беріп, қуанышымызды да бөлісіп отыр, – дейді Мырзакент ауылының тұрғыны Шахзада Құрбанбаева.

Сонымен бірге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы делегацияны Жетісай қаласындағы «Қыдыр ата» жекеменшік емхананың жұмысымен таныстырды. Заманауи жабдықталған медициналық мекемеде 120 емделушіге дейін ем қабылдай алады. Клиника дәрігерлері 100 шақырым жерде орналасқан Ташкенттік әріптестерімен тәжірибе алмасып отырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер