Түркістан облысында 30 мектепке 30 жаңа автобус берілді

Түркістан облысында биыл тасымалмен қамтылған аймақтағы мектептерге 101 автобус беріліп отыр. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы «еліміздің ертеңін қалайтын жасөспірімдердің сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау, балаларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру біздің басты міндеттеріміздің бірі» дейді.

Screenshot_20.jpg

Жалпы былтыр «Балалар жылы» аясында республика көлемінде берілген 500-ден астам заманауи талаптарға сай автобустардың биыл 101-і Түркістан облысына беріліп отыр.  

- Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына байланысты бірқатар тапсырмалар бергені белгілі. Президент бұған дейін де айтылып жүрген ең басты мәселелердің бірі – ауыл мектептерін дамытуды көтерді. Бүгінде бұған қатысты нақты шаралар атқарылып жатыр. Олар жүйелі түрде іске асқан жағдайда ауыл мектептері келешекте оқу-ағарту саласының жетекшісіне айналатынына сенемін. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелері, біздің алдымызға қойған міндеттері мен берген тапсырмалары бойынша барлық білім мекемесінде тиісті шаралар атқарылып, нақты жұмыстар істеледі. Соның аясында тасымал мәселесі шешімін тауып келеді, - дейді Дінислам Болатханұлы. 

Жалпы облыста күрмеуі көптен бері шешілмей келген мәселе – оқушылардың тасымалы болатын. Биыл бұл мәселе облыста шешімін тауып отыр. Яғни, облысқа 101 жаңа, заманауи автобустар лизингпен алынған. Бұл көліктер қазіргі кезеңдегі ең озық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген. 

-Бұл автобустар мектептері жоқ ауыл балаларының қауіпсіз әрі жайлы тасымалын ұйымдастыратын болады. Облыста жалпы мектебі жоқ 56, ал бастауыш мектебі ғана бар 124 елді-мекен бар. Онда 15 мыңнан астам бала бар, оларды енді автобустар тасымалдайтын болады. Есте болса, бұға дейін, дәлірек айтқанда, Наурыз мерекесі қарсаңында облыс оқушыларының игілігіне 71 автобус берілген болатын. Енді міне бүгінгі таңда 30 автобус мектептерге жол тартты. 30 мектепке 38 орынды автобустар беріліп жатыр.  Жаңа автобустар оқушыларымыздың игілігі үшін қызмет ететін болады, - дейді Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер