Жетісай ауданында 200 оқушы күй тартты

Жетісай ауданында ұлттық аспап домбыра күніне арналған іс-шараға қолына қос шекті ұстаған 200 оқушы қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Жетісай» мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара көрермен тарапынан жоғары бағаланды. 

Screenshot_15.jpg

Аталған шарада Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, күйші-композитор, профессор Бөрі Исаның жетекшілігімен аудандағы жас күйшілерден құралған 200 домбырашы Құрманғазының «Балбырауын», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін әуелете  орындады. Кештің көркін қыздырған оқушылар мен мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

- Күйде қазақтың асқақ, асыл ойлары, арман-мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Күмбірлеген қос ішекті домбырада шертілген күйдің адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан, оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған күй қазынамыз – ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосатынын ескерсек, музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әралуан тарихи деректеріне жүгінсек, халық өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан да осы домбыра аспабымыз. Бүгін біз осы бір қасиетті де қадірлі дүниемізді халық арасында насихаттауға барынша күш салдық, - дейді аудандық «Жетісай» мәдениет үйінің директоры Перизат Тәжібаева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер