Түркістан қаласында колледж оқытушысы қымыздан балмұздақ жасады

Түркістан қаласындағы №11 Түркістан колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ пен сабын жасап шығарды. 

Screenshot_14.jpg

Бүгінде ғылымға серпін берген жобалар жетерлік. Оқушылар мен мұғалімдер тарапынан жүргізілген эксперименттер жемісін беруде. Әіресе жас ғалымдардың тамақ өндірісінде ашқан жаңалықтары көп. Соның бір жетістігі ұлттық суысынымыз қымыздан жасалған балмұздақ.

Колледж оқытушысының жүргізген жобасы көпті тәнтті етуде. Жаңа жобаның негізгі мақсаты – қымыз балмұздағының биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отқа дайындалады және  оның құрамы өзгермей табиғи құндылығын сақтайды. 

- Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы, - дейді Жадыра Байдалы.

Колледж  оқытушысының айтуынша, сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие. Сонымен қатар ұстаз емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер