Созақ ауданының түлектері ауылына «Рәміздер аллеясын» салып берді

Созақ ауданының Созақ ауылындағы орта мектептің жиырма жылдық бітірушілері ауылдарына үлкен сый жасады. Бұл үрдіс ауданда жалғасып келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды. 

Screenshot_13.jpg

Созақ ауылдық округінің әкімі Батырхан Аяпов тың айтуынша, округте әр жылдары мектеп бітірген түлектер ауылға, білім ордаларына және мұқтаж отбасыларға, қомақты сый жасап, туған жерлерін түлетуге атсалысуды дәстүрге айналдырған екен. Сол игі іс биыл да жалғасын тауыпты.  

- Биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған мектеп түлектері үлкен игі істі атқарып отыр. Олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерн ұлықтау мақсатында Созақ ауылының ауылға кіреберіс тұсындағы «Жастар» саябағының алдына биіктігі 25 метрлік «Ту тұғырын» орнатып, «Рәміздер аллеясын» тарту етті. Мұны істегендер Созақ жалпы орта мектебі гимназиясынан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан азаматтары. Оның ашылу салтанатында  Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран шырқалды, - дейді ол.

Осы бір игі істің басы-қасында жүрген білім ордасының 2003 жылғы түлегі Ғабит Байғонысұлы. Ол егемен еліміз үшін Рәміздеріміді құрметтеу оқушылардың бойындағы ұлттық патриоттық сезімді оятатынын айтты. 

– «Саусақ бірікпей, ине ілікпес» деген ұлағатты сөз бар дана халқымызда. Туған жерге титімдей болса да жақсылық жасау – біздің перзенттік парызымыз. Елтаңба, Ту, Әнұран – бұл Тәуелсіздігіміздің басты символдары. Сыныптастармен ақылдаса келе, патриоттық рух сыйлайтын әрі өзіміздің артымыздан еріп келе жатқан кейінгі жастарға үлгі болсын деген ниетпен осындай тарту жасауды жөн көрдік. Алдағы уақытта да ауылдың көркейіп, гүлденуіне атсалысамыз, – дейді ол. 

Ауыл тұрғындары да өскен өлкесіне құрметпен қараған түлектерге дән риза. Ауыл округінің әкімі Батырхан Аяпов түлектерге алғысын айтып, ауылдың ажарлануына жұмыла қолдау көрсетіп жүрген азаматтардың ісі көпке үлгі екенін жеткізді.

Жалпы облыс бойынша айтсақ, биыл білім ордаларындағы соңғы қоңыраудан кейін облыста 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер мұқтаж азаматтарға барлығы 6 баспана сыйласа, ауылдарына 1 аллея, 1 аялдама және 1 спорт кешенін салып беріп сыйға тартыпты.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер