Түркістан облысында 9 жазғы лагерь жұмысын бастады

Түркістан облысында балалардың жазғы лагерін ұйымдастыру мақсатында тағы балаларға арналған жазғы 9 лагерь өз жұмысын бастады. Солардың бірі – Төлеби ауданына қарасты, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» балалар лагері. 

Screenshot_23.jpg

Бұл лагерь 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Онда бір мезгілде 250 бала жазғы демалысын өткізе алады. Бүгінгі таңда онда 250 бала демалуда. Олардың 200-і Қазығұрт ауданынан, қалғаны еліміздің әр өңірінен келген балалар. Лагерьге 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. «Біркөлік шатқалы» балалар лагері 9 корпустан тұрады. Жаз бойы лагерьде 7 ауысым болады. Әр ауысымда 8 топ, екі тәрбиеші бар. Балалар бос уақытта бейімділігіне қарай шахмат, футбол, волейбол ойындарына қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдай алады. Күнделікті екі мезгіл іс-шара өтіп отырады.

Балалардың жазғы демалысын әсерлі, мәнді ұйымдастырудан бөлек, олардың қауіпсіз жағдайда демалуын қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Лагерьлердегі қауіпсіздікті бірнеше органдар қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі орталықтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, арнайы қорытынды берілген. Одан кейін төтеншеліктер өрт қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балалардың суға шомылу қауіпсіздігі қарастырылған. Ал полиция органдары болса, лагерь аумағында қоғамдық тәртіпке жауапты. 

Биыл жазғы лагерьлерде жалпы 2 000 баланы қамту жоспарланған. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына тегін жолдама ұйымдастырылған. Балалар күнделікті 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. 10 күндік демалыс кестесіне сәйкес жоспар бекітіліп, балалардың уақытын тиімді өткізу басқарма тарапынан бақылауға алынған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер