Сарыағаш ауданының әкімі «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады

Сарыағаш ауданында биылғы оқу жылында негізгі мектепті 3093 оқушы тәмамдады. Соның ішінде, аудан бойынша барлығы 158 оқушы барлық талаптарды орындап, яғни үздік баға алып, «Алтын белгі» белгісінің иесі атанды.

Screenshot_24.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Алтын белгі» иегерлерін арнайы марапаттап, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыстады. Сол іс-шарада аудан әкімі «Алтын белгі иегерлерін тебірене құттықтап, сәт сапар тіледі. Аудан әкімі құттықтауында:

– Білімді де дарынды жастар – еліміздің болашағы. Бұл марапат сіздердің үлкен жетістіктеріңіздің басы ғана. Ақылды әрі еңбекқор адамның алмайтын қамалы, бағындырмайтын белесі жоқ. Сіздердің жаңа биіктерге шығып, еліміздің дамуы мен көркеюіне үлес қосатын мықты маман болатындарыңызға кәміл сенеміз! Халқымызды жарқын болашаққа жетелейтін де, жеткізетін де өздеріңіз, – деген ол олардың жеткен жетістіктерін бағалап және үлкен өмірге басып жатқан қадамдарына сәттілік тіледі.

Іс-шара одан әрі аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айта кетерлік жайт ауданымыздың түлектері оқу үлгерімі жағынан жылдан жылға жоғары көрсеткіштер көрсетуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер