Келес ауданында бір білім беру спорт алаңы ашылды

Келес ауданында бұқаралық спортты дамыту және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында салынып жатқан нысандардың қатары тағы біреуімен толықты. Халық тығыз орналасқан Біртілек ауылдық округінде жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді.

Screenshot_28.jpg

Ораз ата елді мекенінде бой көтерген спорттық нысанды кәсіпкер Батырхан Исаев өз қаражаты есебінен салды. Жабық ғимаратта орналасқан жасанды алаң кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Футбол алаңының ашылу салтанатына ақсақалдар, ауыл азаматтары қатысты.

- Жалпы, ауылымызда дәл осындай спорт нысанын салу қажет еді.  Жақында ғана осы елді мекенде мемлекет қаражаты есебінен жаңа ашық спорт алаңы пайдалануға берілді. Ел игілігіне арналған жобаларды жүзеге асыруда кәсіпкерлер тарапы да қарап қалмай, өз септігін тигізуде. Алдағы уақытта осы алаңда доп тепкен жасөспірімдеріміз еліміздің абыройын асқақтатар тұлға болып жетілуіне тілектеспін. Өз өмірін кәсіби спортпен байланыстырғысы келетіндер осы спорт кешеннен табылатынына сенімдіміз, - деді  кәсіпкер Батырхан Исаев. 

Айта кетейік,  ашылу салтанаты аясында ас беріліп, турнир ұйымдастырылды. Ойын тартысты өтіп, жеңімпаз бен жүлдегер командаларға, үздік ойыншыларға демеушілер тарапынан арнайы мақтау қағаздары мен дипломдар табысталды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер