Мақтарал ауданында балалар жазғы лагері жұмысын бастады

Жуырда Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» балаларды жазғы сауықтыру қала сыртындағы базасы өз жұмысын бастады.  Жазғы сауықтыру лагерінің алғашқы ашылуы «Армысың жарқын жаз – 2023» атты тақырып аясында ашылды. 

Screenshot_29.jpg

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, бала демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру – жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсаты. Қала сыртындағы базада балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайлар толық жасалған.  

Жаңа лагердің ашылу салтанатына Мақтаарал аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев қатысты. 

Жаңа лагердің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, лентасын қиып, лагерде демалушы балаларғы ізгі тілектерін арнады. Лагерь демалушыларының әрбір күні бос өтпей, түрлі мәдени, шоу, спорттық, көңілді би кештерінің өткізілуі жоспарланған.  

Айта кетейік, І кезеңі бойынша жазғы сауықтыру лагеріне 200 демалушы балалар қабылданды. Жаз айларының соңына дейін 7 кезең бойынша 1400 баланы қамту көзделіп отыр.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер