Мақтарал ауданының әкімі жас түлектерді қабылдады

Биыл Мақтаарал ауданындағы орта мектептерде 28028 оуқшы білім алса, оның 1735-ә 11-сыныпты аяқтаған. Олардың 1214-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан. Түлектердің 96-і биылғы оқу жылын «Алтын белгіге», 108-і «Үздік аттестатқа» тәмамдады.  

Screenshot_30.jpg

Биыл тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, Мақтаарал ауданында 56 мектеп түлектері қолдарына аттестаттарын алып, жаңа өмірге жолдама алды. Аудан әкімі Бақыт Асанов Мырзакент кентіндегі Сабыр Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты іс-шараға қатысып, ауданның барлық ұстаздары мен оқушыларын, ата-аналарын білім жылының аяқталуымен құттықтады. 

- Бұл – қызығы мен қиыншылығы мол, қайталанбас балалықтың бал дәуренін артқа тастап, үлкен өмірге жолдама алатын аяулы сәт. Бүгін сыңғырлаған соңғы қоңырау үні балалардың есейгенін көріп көз жасына ерік берген ата-ана үшін де, шәкірттерін қимастықпен шығарып салар ұстаздар қауымы үшін де, олармен қоса толқып тұрған оқушылар үшін де ерекше - деді Бақыт Насырханұлы.

Cалтанатты жиын барысында ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев та өзінің ыстық ықыласын білдіріп, түлектерге алдағы өмірлеріне сабақ болар құнды кеңестер айтты. Сондай-ақ, аудан басшысы 11-сынып түлектерінің әрбірінің жеке дара қолын алып, болашаққа қадам басып жатқан жаңа өмірлеріне үлкен сәттілік тіледі. 

Осы оқу жылында аудан ұстаздары мен оқушылары облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадаларға  қатысып, айтулы жетістіктерге жетті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер