Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№34 «Бірлік» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен аптада мектеп бітіруші түлектерімізге аттестат табыстау салтанаты өтті.
Салтанатты шарада мектеп директоры Д.Сариев ел үмітін ақтайтын түлектерге ізгі тілегін жеткізді. «Адамзат баласы өмір бойы білім жинайды. Өйткені білім – жалықтырмайтын жол, таусылмайтын қазына. Бүгін Сіздер ізденудің алғашқы баспалдағын аяқтап, келесі биік сатыларына аяқ басқалы тұрсыздар. Ендеше, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңа тілектеспіз!», - деді ол.
Білім іздеген жас талапкердің бар ынтасын өзіне аудара білген «Бірлік» жалпы орта мектебін биыл 37 оқушы аяқтады. Оның ішінде Жасмина Тұрған «Алтын белгі» иегері атанса, 3 оқушы Айжан Сәрсенбай, Назерке Тұрсынбай, Сандуғаш Торыбаева үздік аттестатқа ие болды.
Іс-шара аясында болашақ ұстаздарға рақметін айтып, балаларына сәт сапар тілеп, ақ батасын арқалап келген ата-аналар жүрекжарды тілектерін жеткізді. Түлектерді ұлықтау және оларға аттестат тапсыру салтанаты музыкалық қойылымдармен жалғасты. Концерттік бағдарламаның төрінде бітіруші түлектер ұстаздарына деген шексіз алғыстарын әуелеген әнмен, өлең жолдарымен жеткізді.
Сонымен қатар Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Абылайхан атындағы №2 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Түлектер аяллеясының ашылды.
Мерекелік іс-шараға Мақтаарал ауданы мәслихатының төрағасы Қ.Сәрсекбаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Мырзакент кентінің әкімі М.Бейсенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, зейнеткер ұстаздар, Абылайхан мектебін бітірген түлектер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шара барысында Түлектер аллеясының лентасы қиылып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.