Сайрам ауданындағы «Оқушылар үйі» лагерінің 1 ауысымына 314 бала қабылданып, демалуда

Сайрам ауданындағы «Оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорның баланысындағы лагерь аумағы 77209 шаршыметрді құрайды, сыртқы аумағына 1240 түп ағаш отырғызылған, ғимараттың жан-жағы коршалған, экологиялық таза аймақта орналасқан.

Screenshot_32.jpg

Лагерде 314 орындық 4 жатақхана корпусы бар, əр жатақхана ғимаратында барлық жағдай жасалған, асхана, медициналық пункт, кір жуатын бөлме, жуыну бөлмесі бар. Барлық бөлмелердің қабырғасы кірпіштен салынған, сондықтан жазда олар салқын, құрғақ жəне жайлы болады. Төсек жабдықтары, ыдыс-аяқтар мен тауарлық- материалдық құндылықтар жаңартылған, СЭС талаптарына сəйкес келеді.  

Лагерде футбол, волейбол жəне баскетбол алаңдары; жаттығулар кешені; əткеншектер;   спорттық жəне мəдени шаралар өткізуге арналған  сахна  жəне   жүзу бассейні  бар.

Бүгінгі таңға лагерде әктеу сырлау, ағымдағы жөндеу жұмыстары және лагер аумағын тазалау жұмыстары толық аяқталды. Дезинфекция және дезинцекция, дератизация жұмыстары жүргізіліп, химиялық және бактериялогиялық зерттеу, судың радиобелсенділігің зерттеу жұмыстары  тексеріліп, нәтижесі алынды. 

Жазғы сауықтыру лагерінде қауіпсіздік шаралары  қатаң бақылау мақсатында, аудандық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.  

Сауықтыру лагерінде 8 бейнебақылау камералы жұмыс жасайды. Лагер аумағында тәулік бойы 3 қарауыл кезектесіп жұмыс істейді.

Сайрам ауданындағы «Оқушылар үйі» МКҚК-ның педагогтары, штаттық кестеге сәйкес лагерде 8 ауысымда жұмыс істейді. Лагерде оқушылардың демалысын қызықты өткізуге  бағдарлама жасалынған, сонымен қатар түрлі спорттық жарыстар, байқаулар мен кездесулер, танымдық ойындары жүргізілуде. Лагерде бір мезгілде  - 314  баланы қабылданады. Балалардың жасы 7-мен 14 жас аралығы.

Ағымдағы жылға аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және көп балалы ата-ана балалары - 2131 бала, мүмкіндігі шектеулі -69 бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған -61 бала, мектеп интернатынан -151 баланы, ата-аналар төлем ақысынан -100 бала, яғни барлығы 2512 баланы демалдыру жоспарланып отыр. Әр ауысымның ұзақтығы - 10 күн. 2023 жылдың жазғы маусымындағы демалыс ауысымдарының саны - 8 ауысым.   

Бүгінгі таңға   «Оқушылар үйі» МКҚК-ның балансындағы қала сыртындағы лагерге  1 ауысымға 314 бала қабылданып,   тəрбиешілер, дəрігер, медбике, музыка сүйемелдеушісі, денешынықтыру  тәрбиешісі, аспаздар және техникалық қызметкерлер жұмыс жасауда. Балаларға    нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, балалар күніне 5 мезгіл тамақтандыру (үш мезгіл ыстық тамақ, 2 мезгіл түскі шәй (полдник) беріледі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер