Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл 29 мектеп салынады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, жоба аясында салынатын 63 мектептің бүгінгі таңда 29-ының құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Оларды алдағы жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал қалған 34 мектептің құрылысы 2024 жылы басталатын болады. 

Screenshot_12.jpg

Бір атап өтерлігі, құрылыс жұмыстары биыл басталған білім ошақтарының жауапты директорлар бекітіліп, олар құрылыс нысанындағы жұмыстарды соңына дейін бақылап, қадағалап отыратын болады. Бүгінде барлық мектептің орыны анықталып, жері бөлінген. «Жайлы мектеп» жобасы аясында құрылыс жұмыстары басталған мектептерге отандық құрылыс материалдар қолданылуда. 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы №28 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған көрмеге арнайы барып, «Жайлы мектеп» жобасы аясында құрылысқа қолданылып жатқан құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарының жобаларымен танысты. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Жайлы мектеп» жобасы облысымызда жоспарға сәйкес іске асырылуда. Бұл Президенттің де тікелей бақылауында тұрған жоба. Әрбір мектептің құрылысы өте сапалы әрі жоспарға сай салынуы тиіс. Өңірде ұлттық жобаны жүзеге асыру бағытында жұмыс тобына әр мектептің құрылысын мұқият қадағалауды тапсырамын. Балаларымыздың алаңсыз білім алуына, ұстаздарымыздың жоғары деңгейде жұмыс істеуіне жағдай жасалуы қажет. Оған мүмкіндік те, жағдай да бар. Облыстың жиһаз және құрылыс материалдарын шығаратын компанияларына, жұмысшыларына басымдық берілуі тиіс. Олардың әлеуеті жетпесе, қосымша өзге өңірлердегі отандық өндірушілермен келісім жасалып, жобалар өз мерзімінде жүзеге асуы керек, – деді Дархан Сатыбалды. 

Сөйтіп аймақ басшысы көрмеде құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарын өндіретін компания өкілдерімен кездесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Олар өз кезегінде мектептерге қажетті жиһаздар, мектеп құрысымына қолданылатын материалдар туралы мағлұмат берді. Білім ұяларының іргетасынан бастап, шатырына дейін қолданылатын материалдар ұсынылды. Барлық білім ұясына арнайы стандарт бекітілетіні, мердігерлер сол ережеге сай жұмыс істейтіні айтылды. Мектеп директорлары мен білім сарапшыларына Түркістан облысының және өзге өңірлердің жиһаз шығаратын компаниялары өз өнімдерін ұсынды. 

Жалпы, өңірдегі 63 мектепке екі орындық 25100 парта, 50200 орындық, ұстаздарға арналған 2470 үстел,  2550 кресло, лаборанттарға арналған 3012 үстел, 6034 орындық алу жоспарланған. Шкафтар, асханаға қажетті үстелдер мен орындықтар, тақталар, кеңсе орындықтары және өзге де жиһаздар қажет. Осы қажеттілікті өтеу үшін Түркістан облысы әкімдігінің осы салаға жауапты басқармалары облыстағы және республиканың өзге өңірлеріндегі отандық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, алдын ала меморандумдар жасамақ. Бұл бағаның қымбаттауының алдын алуға да мүмкіндік береді. Қажетті жиһаз көлемі ауқымды болуына байланысты Түркістан облысында жиһаз шығаратын кәсіпорын ашылуда. 

Бүгіндн әрбір білім ұясының құрылысы қатаң бақылауға алынған.  Инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы, электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақты жұмыс жүріп жатыр. Оқушылардың саны зерделеніп, қауіпсіздігі де басты назарға алынған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер