Түркістан облысында балалардың жазғы демалыстары қызықты және көңілді өткізілуде. Ол үшін білім басқармасы тарапынан барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Осы орайда, «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы өтті. Мекеме директорының орынбасары Асылзат Ибраеваның айтуынша, бұл сайыстың балаларға берері мол.
– Жоспарға сәйкес ұйымдастырылған оқушылар сарайындағы үйірмелерге қатысатын балалар өзара сайысқа түсті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларымыздың, жалпы жасөспірімдердің спорттық ойындарға деген қызығушылығын, жылдамдығы, дәлдігі мен ептілігін арттыру. Балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйретіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы жарысқа қатысқан және көрермен болған барша бүлдіршіндер бүгін бір сергіп, серпіліп қалды деп ойлаймыз. «Оқушылар сарайындағы» 60-тан астам үйірме жаз бойы балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызмет етеді, – деді Асылзат Ибраева.
Жарысқа түрлі үйірме оқушыларынан құралған алты топ қатысқан болатын. Олар - «Достық», «Бірлік», «Пантера», «Алаш», «Beeline» және «Болашақ» командалары. Сайыста көзге түскен ең белсенді 30 оқушы 6 кезең бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысында «Пантера», «Алаш» және «Болашақ» топтары ІІІ орынды місе тұтса, «Достық» және «Beeline» топтары ІІ орынға ие болды. Жас таекводошылардан құралған «Бірлік» командасы жеңімпаз атанды.
- Жақсы ойын өрнегін көрсеткен балалар жарыс барысында ескерусіз қалмады. Камандалардан бөлек, жүлдеге ілінген балалар мен топтарға арнайы дипломдар мен медальдар тапсырылды. Ал ойынның бас бәйгесін алған командаға кубок тапсырылды. Айта кетейік, мұндай көңілді сайыстар мен түрлі іс-шаралар жаз бойы жалғасатын болады, - дейді мекеме директорының орынбасары Асылзат Ибраеваның