Түркістандық оқушы Айтуар ойлап тапқан «ақылды сөмке»

Түркістан облысында білім мен ғылымды қатар алып жүрген оқушылар аз емес. Соның бірі «Төрткүл» жалпы орта мектебінің оқушысы Айтуар Советбек. Ол өзі жүретін «ақылды сөмке» ойлап тапқан. Сөмкені иесі ойлап тапқан жаңалығының пультпен басқарылатынын, пульт арқылы жылжыта алатындығын айтты. Қисық жол мен шоқалақтан да оңай өткізуге болады екен.  

Screenshot_14.jpg

Шындап келгенде, «Төрткүл» жалпы орта мектебінің оқушысы Айтуар Советбектың ойлап тапқан сөмкені сабаққа ұстап барып, көпті таңқалдырған.  Оған бұл ой мұқтаждықтан туған. Айтуар бір жыл бұрын жол апатына түсіп, күрделі ота жасатқан екен. Дәрігерлер ұзақ уақыт ауыр зат көтеруге тиым салаып, тіпті кітап-дәптер көтеруге де болмайтынын айтқан. Сабақта қалғысы келмеген озат оқушы тығырықтан шығар жолын өз бетінше іздеп тапқан. 

- Үйде жатып оқу қиын, қатарыңнан қалып қойғандай күй кешесің. Мектепке барайын десем қайта ауырып қаламын ба деп қорықтым. Оның үстіне кірап-дәптерлерімді алып жүретін бір адам керек. Ал үйдегілердің жұмысы бар, үнемі менің қасымда жүрмейді ғой. Сосын кітаптарымды тасу үшін пультпен жүретін сөмкем болса деп ойлап, оны алдымен қағаз, картоннан жасап көрдім. Пластмасса жәшігін одан басқа бірнеше материалды пайдаланып, тиімділігін тексердім. Ең бірінші сөмкем пластмассадан жасалды, кітап-дәптерлерімді салып мектепке дейін барамын. Ал сатыдан көтеруге сыныптастарым көмектесті, - дейді Айтуар.

Оның бұл идеясын анасы да қолдап, дизайннына мән береді. Ұлы ойлап тапқан тапқан сөмкенің сырт пішінін жасауға көмектескен. Қазір түркістандық оқушы жылжымалы сөмкені одан әрі дамыту үстінде, сатыдан өзі шығатын механизм жасап, өнімін сатылымға да шығару ойында бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер