Шымкент қаласындағы Нұршуақ шағын ауданында 2 мың орындық мектеп салынады

Шымкент қаласындағы  Нұршуақ шағын ауданында 2 мың орындық жаңа мектеп салу жоспарлануда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, соңғы жылдары мегаполис аумағы кеңейіп, миграциялық және демографиялық өсімнің артуы бірінші кезекте білім ошақтарына деген сұранысты көбеюіне алып келген. Бүгінгі таңда қаладағы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушы саны соңғы екі жылда 23 мыңға артқан.

Қала басшылығы тарапынан бұл қажеттіліктер ескеріліп, «Жайлы мектеп» жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 37700 орындық 25 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Жобаға сәйкес жыл соңына дейін 17300 орындық 12 мектептің құрылысы бекітілген. Алдағы жылы 20400 орындық 13 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. 

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бағытта өткен жылы Үкіметтің қаулысы қабылданды. Шымкент қаласы бойынша 25 мектептің жобасы қарастырылған. Жалпы қала аумағында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын 12 мектеп 17300 орынға арналған. Биылда жоспарымызда осы мектептердің құрылыс жұмысын бастап, келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.  Яғни 12 мектептің 8-і бойынша келісім шарттар рәсімделіп, бүгінде 6 мектепте құрылыс жұмыстары басталып кетті, - дейді қала әкімі.

Президентіміз Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырылған болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл білім нысандарын жемқорлыққа жол берген, олардың заңсыз тапқан қаржысы есебінен салуды ұсынған. Яғни, Мемлекет басшысы «Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» деп қаржы көзін де анықтап берген еді Жолдауда 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұршуақ елдімекенінде салынғалы жатқан 2 мың орындық мектептің ғимаратының салынатын орнымен танысқан болатын. Мектеп салынатын елдімекен аумағынан 4, 2 гектар жер телімі бөлініп, құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес заманауи талапқа сай бой көтеретін білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі.  

Құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқталатын 11 жайлы мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне  жобалаушы мекеме тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама қорытындысы қараша айына дейін әзірленеді. 

Жаңа мектептің құрылыс алаңында болған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің инженерлік-коммуникациялық желілерін талапқа сай жүргізіп, ғимараттардың кескін-келбетін мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай жабдықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берген еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер