Келес ауданының әкімі спортшы оқушыны қабылдап, құрмет көрсетті

Келес ауданында спортпен шұғылданып, түрлі спорттық жарыстарда топ жарып жүрген оқушылар аз емес. Соның бірі Келес аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Нұрислам Шалқаров.

Screenshot_37.jpg

Нұрислам Шалқаров жуырда Иордания астанасы Амман қаласында өткен еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Ел мерейін үстем еткен спортшыны Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қабылдап, алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады. 

- Бүгінгі таңда ауданымыздың абыройын асырып, білімде де, спортта да үлкен нәтижеге жетіп жүрген жастар аз емес. Мәселен, Еркін күрестен Азия біріншілігінде жүлделі үшінші орынды қанжығалаған Нұрисламның жеңісі көп оқушыға үлгі боларлықтай. Оның жеңісіңіз аудан жастарын үлкен жетістіктерге бастайтын бастама болды. Біз жерлесіміздің бұл тамаша жеңісін зор қуанышпен қабылдадық. Алдағы уақытта да еліміздің дамуына, жастар арасында патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыруда белсенділік танытатын жастар ортамыздан көптеп шығады деген сенемін, - деді аудан басшысы. 

Нұрислам Серікұлы 8 жасынан бастап спорттың еркін күрес түрімен шұғылданып келеді. Келес аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі бүгінгі күнге дейін екі рет Түркістан облысының чемпионы атанды. Сонымен қатар биыл еркін күрестен Талдықорған қаласында өткен жасөспірімдер арасында ел біріншілігінде өз салмақ дәрежесінде топ жарып, Азия чемпионатына жолдама алды. Жас спортшы алдағы уақытта еліміздің көк туына олимп шыңында желбіретуді мақсат етіп отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер