Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалы аймақтағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын бір пысықтап шықты.
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Бауыржанұлының айтуынша, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тапсырмасы негізінде 10-24 шілде аралығында Түркістан облысының білім мекемелерінің жаңа 2023-2024 оқу жылының дайындығына мониторинг жүргізілуде. Оған білім саласы қызметкерлерімен қатар Түркістан қаласымен қатар әрбір ауданнан жергілікті мәслихат депутттары тартылған.
Жалпы Мониторингтің мақсаты – жалпы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеру. Оның ішіне мектептердің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары, Интернет, қауіпсіздік мәселесі яғни бейнебақылау, лицензиясы бар күзет, турникет, дабыл белгісі бар-жоқтығын тексеру, санитарлық тораптарға жылу қосылған, қосылмағандығы, спорт залы мен асхана, пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), роботехника кабинеттерінің талапқа сай болуын қадағалау болып табылады.
- Жазғы демалыс кезінде жаңа оқу жылының дайындығына тексерісті пысықтап қою – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуын қамтамасыз ету екені даусыз. Партиямен бірге мониторинг жасаудың негізгі мақсаты-мониторинг барысында анықталған кейбір кемшіліктерді жергілікті мәслихат депутаттары өз көздерімен көріп, күрмеуі қиын кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге ықпал етсе, білім сапасы заман талабына сай бұданда жақсырақ болып өзегеретіне сенім мол. Бұл жұмыстар бір күндік жұмыспен шектелмейді, алдағы уақытта да жұдырықтай жұмылып, жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуына біргелікте күш салатын боламыз, - деді Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы.
Айта кетейік, одан бөлек топтың құрамына аумақтағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының облыстық филиалының және жоғары оқу орындарының өкілдері де болды.