Түлкібас ауданында азқамтылған отбасынан шыққан 1300 оқушы жазғы лагерде тегін демалды

Түлкібас ауданында жазғы сауықтыру лагерлерінде оқушылар кезекпен демалуда. Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Ормановтың айтуынша, ауданда 1300 оқушы жазғы лагерлерде тегін демалыпты. 

Screenshot_35.jpg

- Жаз – жарқын мезгіл. Балалардың демалып, денсаулығын нығайтатын, ата-анасына көмектесетін кезең. Ауыл баласы – қалаға, қала баласы – ауылға ағылады, оқудан босаған оқушылардың кейбірі демалыс лагерьлеріне баруға таңдау жасайды. Олардың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз, - дейді аудан әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша биылғы жаз айларына арналған жұмыс кестесі бойынша, дәл осы демалыста аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қала сыртындағы лагерлер өз есіктерін айқара ашыпты. Биылғы жоспарға сәйкес ендігі кезекте Келтемашат ауылындағы «Ерке» және «Арман»  сауықтыру орталықтарына  1279 бала жіберілмек.

Олардың алды кешегі күні жолға шығып, аталған лагерлерге орналасып та үлгерген. Оларды жолға аудан әкімінің орынбасары Ербол Ормановтың өзі 250 оқушыны ыстық ықыласпен шығарып салды. Алдағы уақытта аталған лагерлерде кезең-кезеңімен оқушылар 10 күндік демалыстарын өткізетін болады.

- Бүгінгі таңда басты назарда – балалардың қауіпсіздігі тұр. Ол үшін демалыс аймақтарында екі инспектор бекітілді. Ауысыммен жұмыс уақытын белгілеп алған тәртіп сақшылары күндіз-түні балалардың қауіпсіздігін бақылауда. Табиғат аясындағы демалыс, таза ауа, жайдары көңіл-күй, сергектік балаларға күш-қуат сыйлап, жаңа оқу жылына бар ынта-жігерімен кірісуге септігін тигізеді деген сенімдеміз, - дейді аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер