Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 білім ошағы салынады

Сарыағаш ауданында биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектеп салу жоспарлануда. Соның бірі Сарыағаш қаласындағы №2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, аталған мектеп апатты деп танылған.

Screenshot_46.jpg

Оның ғимараты бүгінгі таңда бұзылуда. Ол жұмысты «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының құрылысшылары айналысуда. 

- Аталған мектеп ескі, сарапшылар оны жарамсыз деп тапқан. Бүгінгі таңда апатты ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мектеп орнына «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп салынатын болады, - дейді «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының өкілі М.Айманбетов. 

Қазіргі таңда,мердігер мекеме анықталып жобалау-сметалық сараптамалық құжаттамалары әзірленуде.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бағытта өткен жылы Үкіметтің қаулысы қабылданды. Сарыағаш ауданында 6 мектептің жобасы қарастырылған. Соның бірі биыл салынғалы жатыр. Президентіміз Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырылған болатын. Бұл жұмыстар ауданда жоспарға сәйкес атқарылатын болады, - дейді аудан әкімі Арман Абдуллаев. 

Аталған нысанның құрылыс жұмысымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы М.Айманбетов тиісті бөлім басшымен, мердігер мекемеге мектеп ғимаратын бұзу жұмыстарын жылдамдатып, жаңа мектепке арналған жерді құрылысты бастауға дайындауды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер