Шымкент қаласының 198 мың оқушысы лагерьлерде демалды

Шымкент қаласындағы оқушылардың қала сыртындағы демалысы жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шымкенттік оқушылардың жазғы демалысы қызықты өтуде. Каникул мерзімін тиімді өткізу үшін 237 жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылған. 

Screenshot_55.jpg

- Біз жастардың бойындағы өнер-білімге, ғылымға, жаңашылдыққа деген осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейтуіміз, дамытуымыз қажет. Мемлекет басшысы білімді дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру керек деп міндет жүктеді, мұны біз абыроймен атқаруымыз керек. Өскелең жас ұрпақ кемел адам болып қалыптасуы үшін олардың өз тарихы мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын біліп өсуі маңызды. Біз балалардың сапалы білім алуымен қатар, рухани дамуын, дүниетанымы кең болуын да қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл бағытта Президент мектепте оқушылардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін дәрістер ұйымдастыруды тапсырды. Оған медиасауат, құқық, қаржы сауаты тақырыптарын енгізу – жаһанданған заманның талабына айналып отыр.  Сонымен қатар олдардың демалысын жақсы ұйымдастыру. Бұл жұмыстар алдымен мектеп қасындағы лагерлерде ұйымдастырылса, одан кейін қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде жалғасып, балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу жұмыстары лагерлерде де жалғасуда, - дейді қала әкімі.

Оның айтуынша, маусым айында мектептер жанында ұйымдастырылған «Жасыл қала»,  «Шығармашылық», «Спорттық-туристік», «Интеллектуалдық» бағыттары бойынша іске қосылған лагерлерге 175 мыңнан астам оқушы қатысқан. Оның ішінде, білім қоры есебінен қала сыртындағы 15 лагерде  7241 баланың 85 пайызы демалған. Қалған балалардың демалысын ұйымдастыру тамыз айының 15-не  дейін жалғасады. Ата-аналар мен қоғам белсенділері тарапынан арнайы мониторинг тобы құрылып, лагерлердің жай-күйі зерделенді. 

Шымкент қаласының білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақсу» лагерінде ауқымды форматта спорттық сайыстар ұйымдастырылды.  100-ден астам бала спорттың волейбол, шахмат, футбол, эстафеталық жүгіру, суға жүзу түрлерінен сайысқа түсті. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер