Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округінде спорт мектебі салынуда

Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округінің орталығында спорт мектебінің құрылыс жұмысы аяқталуға жақын. Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков аталған спорт мектебінде болып, атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады. 

Screenshot_54.jpg

- Спорт кешенінің аумағы – 0,60 гектарды құрайды. Жобаға сәйкес нысанда бір ауысымда 20 оқушы спорттың бірнеше түрінен шынығып, шыңдалатын болады. Жаттықтырушы залы, киім ауыстыру мен жуынатын және медпункт, құрал-жабдықтар сақтайтын бөлмелері қарастырылған, - дейді аудан әкімі. 

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы нысанды аралау барысында жауапты бөлімге бірінші кезекте сапасын қадағалауды, құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекемеге жұмысты қарқынды жүргізіп, аяқтауды тапсырды. 

Сонымен қатар, Бәйдібек ауданында соңғы жылдары оқушылар үшін салынып жатқан нысандар қатары артып келеді. Атап айтсақ, соның бірі Шаян ауылында соғылып жатқан ан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхананың құрылысы жүргізіліп, тамыз айының соңына дейін пайдалануға берілмек. 

Бүгінде екі қабатты ғимараттың сыртқы қабатын қаптау мен ішкі бөлмелерін әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, кітапханада жеделсаты орнатылмақ. 

Осы нысанның да құрылыс жұмысымен танысқан аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков ғимараттың ішін аралап көрді. Сонымен қатар, құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, жоспарланған мерзімде аяқтауды тапсырды. 

Одан бөлек, аудан әкімі аудан орталығындағы асфальт бетон жамылғысын төсеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар көшелерді аралады.  Жауапты бөлімге жұмысты барынша ширатып, орын алып жатқан кемшіліктерді қалпына келтіріп, сапалы атқаруды тапсырды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер