Сауран ауданынының оқушылары жазғы сауықтыру лагерінде демалыстарын қызықты өткізуде. Сауран ауданы әкімі Ғалымжан Қарабайұлының айтуынша, бүгінгі таңңда ауданнан 300 бала Түлкібас ауданының тау баурайында демалысын жалғастыруда.
Балалардың демалысын тиімді пайдалану мақсатында Сауран ауданының балалары үшін Түлкібас ауданындағы «Жансая» лагері жұмыс істеуде.
Ол жерде балалардың жазғы демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Аталған лагер үш ауысымда жұмыс істейді. Лагерьде 28 маусымнан бері жұмыс істеп келеді. Осы мауысымда Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан 300 бала қамтылып отыр.
Лагерьді ұйымдастырудағы басты мақсат – жаз мезгілінде балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, балалардың тұлғалық қабілетін арттыру. Сонымен қатар, жасөспірімдерде кездесетін құқық бұзушылықтың алдын алу, осы жылғы жаз мезгіліндегі балалардың сауықтыру демалысын тиімді ұйымдастыру басты назарға алынған.
Балалар аталмыш лагерьдегі демалыс уақыттырын қызықты өткізіп, жаңа достармен танысып, түрлі ойын сауықтарға қатысып, өздерін жайлы сезініп, бір сөзбен айтқанда жазғы демалыс күндерін қызықты өткізуде. Оқушылар алдағы жаңа оқу жылына жаңа тың қарқынмен барарына сеніміміз мол!